Ауыл

Жауынгерлер ұлықталған күн

    • Ырғыз

Ырғызда Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Ауған соғысының жауынгерлеріне қойылған ескерткіш-белгі жанында мәдени-көпшілік шара өтті.

Аудан соғысының ардагерлері, жастар, мектеп оқушылары, мұғалімдер және жауапты мекеме басшылары қатысқан шара ескерткіш-белгіге гүл қою рәсімінен басталды.

Аудан әкімінің орынбасары А.Өксікбаев ата-бабамыздан келе жатқан батырлық және жауынгерлік дәстүрді Ұлы Отан соғысында аталарымыз көрсетсе, Ауған жерінде әкелеріміз бен ағаларымыз жалғастырғанын айта келіп, олардың ерліктерін жас ұрпаққа насихаттау игі іс екенін жеткізді.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы А.Ибрагимов шараға қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, ардагерлерге мерекелік құттықтау мен сый-сияпат ұсынды.

Ауған соғысы ардагерлері атынан сөз алған Б.Дәуренбеков өз естеліктерімен бөлісіп, шараға жиналған жас буынды қазақ елінің патриоты болуға шақырды.

Шара соңында «Арай» мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, патриоттық әндер орындады.

Д.АЙДАР,
Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button