Ауыл

Насихат және қолдау

    • Мәртөк

«Ауыл аманаты» қоғамдық қорының мүшелері жоба туралы ақпарат беру мақсатында Мәртөк ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға қатысқан қор мүшелері Ақнұр Бибітмирқызы, Нұрсұлтан Мәуленұлы, Даржігіт Халелұлы жобаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы айтып, ауылдықтарды осы жобаға белсенді қатысуға шақырды.

— Мен осы жылы облыс орталығынан жылыжай кешенін ашып, кәсіп бастадым. Ендігі кезекте ауылдық жерде кәсіп бастаймын деген қыз-жігіттерге біліміммен, тәжірибеммен бөлісуге даярмын. Кәсіп бастағысы келетіндерге жылыжай құрылысы, пияз өсіру технологиясы туралы практикалық тұрғыда көрсетіп, үйрете аламын. Сонымен бірге өз бизнесімді франшиза ретінде жас кәсіпкерлерге ұсынғым келеді.  Үлкен шығынға батпай-ақ, аз ғана қаржымен жылыжай салуға болады. Бұл — жас кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау, — дейді кәсіпкер Нұрсұлтан Мәуленұлы.

Іс-шара соңында кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына жеке қабылдаулар өткізіп, бизнес-жоспар жасау жолдарын үйретті.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.
Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button