Білім

Балабақша — білім бастауы

    • Тәрбие

Әрбір балабақша  — табалдырығын аттаған бүлдіршіннің нәзік жүрегіне нық сенім ұялатып, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін, лайықты білім мен тәрбие беретін алтын қақпа.

Сол балабақшада балаларға тәрбие мен білім беретін тәрбиеші — бала жанының бағбаны. Тәрбиеші ең алдымен, балаларды өте жақсы көруі керек, жұмысқа деген ынтасы мен балаларға деген мейірім жылуы болуы қажет. Балабақшаны бақыттың баспалдағына айналдыру, әрине, біздің біліктілігіміз бен еңбекқорлығымызға байланысты.

Мен Бақтыбай Лаззат Өмірзаққызы «Нұр-Бота» бөбекжай балабақшасында мектепалды даярлық тобында еңбектегі қадамамды бастағаннан бері қанша бала балабақшамызды бітіріп, мектеп табалдырығын аттады. Бұл мамандықтан мен еш жалыққан емеспін. Өйткені  менің осы уақытымды алдымдағы сүйкімді кішкентай бүлдіршіндерге арнаған ең бақытты да бағалы кездерім деп білемін.

Біздің балабақшамызға бүлдіршіндеріміз достарымды көрем, үйде ойнамайтын қызықты ойындарды ойнаймын, қызықты ертегілер тыңдаймын деп, қызығып келеді.

Әрине, балабақша бүлдіршіндерге тек келіп кететін мекені болмауы керек. Сол себепті біздің балабақшамыз бүлдіршіндер мен ата-аналарға жағдайларын (жаңа әдістемелік формалар, бала мен ата-ана қатыстырылатын түрлі шаралар, жыл маусымдарына сәйкес қызықты конкурстар, т.б.) жасап отыр. Бұл енді балабақша жұмысы мен ұжымның ауызбіршілігіне байланысты.

Біздің  балабақшамызда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндеріміз тәрбиелі, білімді, саналы, зейінді, өз елінің, өз ұлтының мақтанышы болып есейетіндігіне сенімім мол.

Ләззат БАҚТЫБАЙ,
«Нұр-Бота» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.
Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button