Жастар

Жаңа коворкинг орталығы ашылды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде коворкинг орталығы ашылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған коворкингте студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына барлық мүмкіндік жасалған.

Аталған университеттің оқу ғимараттарында оқу залдары болғанмен, коворкинг орталығы болмаған. Жалпы университет кітапханаларындағы кітап қоры 600 мыңнан асады. Ал осы жолы ашылған коворкингте 12 компьютермен қатар, оқу және демалыс аймақтары жұмыс жасайды.

Коворкинг орталығында студенттердің тек кітап оқумен ғана шектелмей, сүйікті істерімен, яғни тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындарын ойнап, ән тыңдап, әртүрлі іс-шаралар өткізуіне мүмкіндік жасалған. Тегін интернетті пайдаланып, әлеуметтік желіден өздеріне қажетті ақпараттарды ала алады, — дейді аталған университет ректоры Әсет Қалиев.

Коворкингтің ашылуына қатысқан студенттердің қуанышында шек жоқ.

Жаңа коворкингтің ашылғанына қуаныштымын. Ендігі кезекте бос уақытымды осы жерде өткізіп, ғылыми жобамды әзірлейтін боламын. Бұл жер жастардың кітап оқып, өзара пікір алмасатын рухани орталығына айналары сөзсіз, — дейді университет студенті Әсем Тілеумағанбетова.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button