Білім

Олимпиада басталды

Кеше жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық, қалалық) кезеңі басталды. Ақпанның 3-і күні аяқталатын білім бәйгесінде 6066 оқушы бақ сынап жатыр.

Шара облыстағы 14 тірек мектепте15 пән бойынша өткізілуде.Ақтөбе қаласында білім додасы №51 және №56 мектептердің ғимараттарында ұйымдастырылып жатыр. Облыс орталығында жарысқа қатысуға 2151 бала өтініш білдірген.

Олимпиаданың мақсаты — балалардың жалпы білім беретін пәндер бойынша білім деңгейін анықтау,шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізіліп жатыр.

Ашықтық пен адалдық талаптары сақталған. Камералар жүйелі жұмыс істеп тұр, — дейді «Ақтөбе-Дарын» өңірлік-тәжірибелік орталығының директоры Жәния Есенжолова.

Тапсырмалар «Дарын» республикалық қосымша білім беру орталығынан жіберіледі.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button