Ауыл

Іскер әйелдер бас қосты

Мәртөк

Мәртөк ауданында Ақтөбе облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Еңбегі жанған арулар» атты іскер әйелдер форумы өтті.

Мазмұнды шараға қатысқан ауданға белгілі іскер әйелдер өз өнімдерін ұсынып, шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Ауылда кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік көп. Мемлекет ұсынып отырған барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Қоғамда болып жатқан өзгерістерден қалыспай, әрдайым сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман болуымыз керек, — дейді іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі,  жеке кәсіпкер Бану Тілегенова.

Сондай-ақ аудан әкімі Алмас Салықбаев әлеуметтік бастамаларға ұйтқы болып жүрген іскер әйелдерге алғыс білдіріп, нәтижелі еңбегімен көзге түсіп жүргендерге мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Мұғалжар

АЛТЫ МАМАН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында жас мамандарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау, көмек беріліп келеді.

БылтырМұғалжар ауданы бойынша алтыжас маман жеңілдетілген несие алып, тұрғын үймен қамтылды. Қазіргі таңда олар Ақкемер, Жұрын, Қайыңды, Талдысай ауылдық округтерінде тұрып жатыр. Жас мамандар білім беру, ветеринария салаларында еңбек етіп жүр.

Өткен жылы «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша 25 жас маманға көтерме жәрдемақы төленді. 2009 жылдан бастау алған бағдарлама аясында бүгінге дейін аудан бойынша 119 маман жеңілдетілген несие алып, тұрғын үймен қамтылса, 395 маманға көтерме жәрдемақы берілді.

Биыл аудан бойынша бес жас маманды тұрғын үймен қамту, 20 маманға көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланып отыр.

Жандос АЙТЖАНОВ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button