Түлектер сыйы

Әйтеке би
«Туған жерге тағзым» акциясы ауданда биыл да жалғасын тапты. Бұл жолы Сарат орта мектебінің 2002 жылы бітірген түлектері ауылдың бір көшесіне жарықтандыру жүргізді.
Береке-бірлігі жарасқан ауылдың 1985 жылғы азаматтарының бұл бастамасы — көпке үлгі.
— Ауыл тұрғындары мектеп түлектеріне дән риза. Ұзақбай Құлымбетов көшесі — ауылға кіреберістегі ең ұзын көше. Жастарымыз жарық орнатып, халықтың алғысына бөленіп жатыр.
Осындай бағыттағы игі істер кейінгі жастарға үлгі болып, алдағы уақытта да жалғасын табады деген үміттеміз, — деп алғысын білдірді ауыл әкімі Талғатбек Түкібаев.
Аталған орталық көше бойында балабақша, медициналық пункт және әкімдік үйі орналасқан.
Айта кетейік, бұл — ауылдағы жарық орнатылған әзірге жалғыз көше. Биыл ауылға бөлінген бюджет қаражатынан тағы төрт көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.
Лаура НҰРТАЕВА,
Әйтеке би ауданы.