Мәдениет

«Ақ кеме» қойылымы сахналанды

«Алақай» қуыршақ театрында жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» повесі бойынша сахналанған қойылым көрсетілді. Туындының негізгі кейіпкері — арманшыл баланың қуанышы мен қайғысына үңіліп, көрерменін ізгілікке шақыратын қойылымның тұсаукесері ерекше форматта өтті.

Алғаш рет қуыршақ театрының сахнасында көрсетілген қойылымның режиссері — ресейлік театр режиссері және продюсер Давид Бурман.

«Ақ кемеде» өнер көрсететін театр актрисасы Гаухар Оралбайдың айтуынша, бұл қойылымның тәрбиелік мәні зор.

Мен бұл қойылымда Бекейдің рөлін сомдаймын. Ол — шығармадағы басты кейіпкер баланың нағашы апасы. Баласы жоқ ананың рөлін сомдау, әрине, маған қиын болды. Қойылым алдымен орыс тілінде сахналанды. Алдағы уақытта қазақ тілінде көрсетіледі, — дейді театр актрисасы Гаухар Оралбай.

Шығарманың басты кейіпкерін сомдаған — Зарина Әскербек театрдағы ең жас мамандардың бірі.

Осы жолы мен шығармадағы басты кейіпкер — Мейір есімді баланың рөлін сомдадым. Кейіпкеріміз тура періште бейнесіндегі таза адам. Ол достарының арасында ерекшеленіп жүреді. Кішкентайынан жетімдікті көріп өссе де, оның ұшқыр қиялы басқа балалардан зерек.

Шығарманың желісі бойынша ол әкесіне ақ кемеге мініп, жедел жеткісі келеді. Әке мейірімін көргісі келеді.  Мәселен, Сайын Мұратбековтің «Жусан иісінде» баланың әжесі сөз болса, ал «Ақ кемеде» баланың атасы туралы айтылады.

«Ақ кемедегі» бала кейіпкердің жал­ғыз­дығы бізді бейжай қалдырмайды. Оның жалғыздығы сол тұстағы қоғамның, адамның, ұлттың жалғыздығы еді, — дейді театр актрисасы Зарина Әскербек.

«Алақай» қуыршақ театрында «Ақ кеме» қойылымы 25 қаңтардан бастап көрерменге жол тартты.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button