ПікірСайлау

Халықтың таңдауы — әділ сайлау

Әсет САҒЫНТАЕВ,
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушысы, полиция майоры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс сайлауы өтетінін айтқан-ды. Сондай-ақ алдағы сайлаудың заңға сәйкес өтуіне, әділ әрі ашық болуына қатаң бақылау жасалатындығын және құзырлы органдардың сайлаудың өткізілуіне жауапкершіліктерін де ескертті.

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 маусымда өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциясына сәйкес өткізілетін сайлау науқаны да жаңа Қазақстанның ең бір шешуші де, маңызды тарихи сәтінің көрінісі болмақ.

Ырымшыл халықпыз ғой. Парламент пен мәслихаттардың саяси жаңаруы көктем кезеңінде — Наурыз мерекесінде өтетінін де жақсылыққа баладық. Бұл символизмді жаңа күштердің келуінің, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуының және еліміздің одан әрі тұрақты және табысты дамуына бағытталған жаңа шешімдер қабылдаудың кезеңі келеді деп ұғамыз. Сондықтан жаңаша бағыттағы сайлауға әр азамат қатысып, өркендеу жолына бет алған еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті түсініп, халық арасынан тағайындалатын үміткерлерге өз дауыстарын беруге тиіс деп ойлаймын. Халық қалаулысын таңдау — өз қолыңызда.

Іс-шара кезінде сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жүктеледі.

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын мемлекеттік жауапты қызметкерлерге, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, полиция, төтенше жағдай және медицина қызметкерлеріне өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруларына тілекшімін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жаңа Қазақстанның жаңа сайлауына жаңаша көзқараспен қатысайық.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button