Пікір

Демократиялық қоғамның көрінісі

Естай СИСЕНБАЕВ, кәсіпкер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы маңызды мәлімдеме жасады. Кезектен тыс өткізілетін бұл сайлау —  конституциялық реформаның жалғасы. Енді Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталмақ.

Сайлау жүйесінің аралас жүйеге ауысуы — демократиялық қоғамның айқын көрінісі. Халық өздері сайлаған депутаттары арқылы билікке талап-тілегін жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Конституциялық реформаның арқасында саяси партияларды құруға қойылатын талаптар да едәуір жеңілдетіліп отыр. Бұрын саяси партия құру үшін оның мүшелерінің саны 50 мың болуы керек деген талап қойылған болатын. 2021 жылы мүшелердің саны 20 мыңға, ал қазір 5 мыңға дейін төмендетілді. Бұл — елімізде жаңа партиялардың құрылуына жағдай жасалып жатыр деген сөз.

Президенттің мәлімдемесі — Әділетті Қазақстанды құрудағы аса маңызды қадам, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуге үлкен септігін тигізген реформаның жемісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button