Білім

Отансүйгіш жастар — ел тірегі

«Жас жауынгер».Ақтөбе қаласындағы Жаңақоныс елді мекенінде орналасқан №69 мектепте осындай тақырыпта әскери-спорттық сайыс өтті.

Мақсат — оқушыларды отансүйгіштікке,шапшаңдық пен қырағылыққа тәрбиелеу.

Шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері, капитан Серік Сраж және «Жас сарбаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бағдат Жұмағанбетов қатысты.

Жарысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ә.Көшербаев ұйымдастырды. Сайыс барысында 9-11 сынып оқушылары әскери-саптық дайындық, Калашников автоматын шашып-жинау бойынша бақ сынады. Олар жарысқа тыңғылықты дайындалып келгенін байқатты.

Қорытындысында қалалық «Жас ұлан» жарысына қатысу мақсатында белсенді оқушылардан мектеп командасы құрылды.

Гүлстан КЕНЖЕБЕКОВА,

№69 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button