Білім

Достығымыз жарасқан

Облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Құпия дос» акциясы ұйымдастырылды. Шараға 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Мақсат — балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, достық қарым-қатынасты, өзара ынтымақтастықты нығайта түсу. Шара барысында оқушыларға акцияның мақсаты мен шарты түсіндірілді. Соған сәйкес әр бала өзінің құпия досына қолдан жасалған заттарын тарту етті.

Айта кету керек, біздің лицейде «Лицей парламенті» жұмысы жүйелі жолға қойылған. Парламент көшбасшылары білім шаңырағындағы қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. «Құпия дос» акциясының өткізілуіне «Бақыт» фракциясының көшбасшылары АйшаИсаева,Алтынгүл Айтбай, Дильнара Жанаева секілді лицей мақтаныштары өз үлестерін қосты.

Мейрамгүл ҚАҢТАРБАЙҚЫЗЫ,

облыстық мамандандырылған

физика-математикалық

лицей-интернатының психологі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button