Басты жаңалықтар

Президент Іс Басқармасының медициналық орталығының дәрігерлері Ақтөбеде 30 күрделі операция жасады

 ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында Ақтөбе облысының тұрғындарына еліміздің үздік дәрігерлері практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіліп, сондай-ақ күрделі жоғары технологиялық операциялар жасалуда.

Бұл жұмыстар ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, ҚР Денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық технологияларды енгізу, халыққа көмек көрсету үшін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханаларының әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жүргізілуде.

Үш күн ішінде республикалық деңгейдегі жетекші мамандар өңірдің медицина қызметкерлеріне шеберлік сыныптарын өткізді, 30 күрделі операцияны жасады, Ақтөбе медициналық орталығының базасында 157 науқасты тексерді.

Бүгін Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Ақтөбе медициналық орталығының қызметімен танысты.

Алексей Цой орталықтағы бөлімшелерді аралап, науқастардың операциядан кейінгі жағдайын білді.

Ақтөбе медициналық орталығы – ересектерге 25 бейін бойынша көмек көрсететін өңірдегі ең ірі көпбейінді стационар, бұл ретте 12 бейін бойынша қызметтердің облыстың басқа емдеу мекемелерінде баламасы жоқ.  Орталықта балалар кардиохирургиясы, аритмология, тамырлы хирургия, трансплантология бөлімшелері жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Ол халыққа жоғары қызмет көрсетуге мүмкіндіктер береді.

Бұдан өзге, мамандандырылған орталықта ересектерге арналған гастроэндоскопиялық және аллергоцентр жұмыс істейді. 2022 жылы Ақтөбе медициналық орталығы 20 мыңға жуық науқас емделді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button