Пікір

Әділетті Қазақстан құрудағы маңызды қадам

Естай СИСЕНБАЕВ, кәсіпкер:
— Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы маңызды мәлімдеме жасады. Кезектен тыс өткізілетін бұл сайлау — конституциялық реформаның жалғасы. Енді Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталмақ. Яғни Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтпек. Бұл сайлаушылардың мүддесін жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалуына септігін тигізеді.
Сайлау жүйесінің аралас жүйеге ауысуы — демократиялық қоғамның айқын көрінісі. Халық өздері сайлаған депутаттары арқылы билікке талап-тілегін жеткізу мүмкіндігіне ие болады.
Конституциялық реформаның арқасында саяси партияларды құруға қойылатын талаптар да едәуір жеңілдетіліп отыр. Бұрын саяси партия құру үшін оның мүшелерінің саны 50 мың болуы керек деген талап қойылған болатын. 2021 жылы мүшелердің саны 20 мыңға, ал қазір 5 мыңға дейін төмендетілді. Бұл — елімізде жаңа партиялардың құрылуына жағдай жасалып жатыр деген сөз.
Президенттің кешегі мәлімдемесі — Әділетті Қазақстанды құрудағы аса маңызды қадам, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуге үлкен септігін тигізген реформаның жемісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button