Пікір

Маңызы зор шешім

Бақыт ИМАШЕВ,
Қарғалы ауданының құрметті азаматы

Мемлекет басшысының Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету жолындағы маңызды реформаларын әрдайым қолдаймын. Халқымыз осы жолы да елімізді жанжақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін.
Әлем тез өзгеріп жатыр. Сондықтан да стратегиялық шешімдерді жедел қабылдауымыз керек. Жаңадан сайланатын депутаттар да жұмысты осы қарқынмен жалғастырып, еліміздің жан-жақты жаңғыруына ерекше үлес қосады деп сенемін.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізіп, жұртты толғандырған өзекті мәселелердің шешілуіне ұйытқы болды.
Осы жолғы кезектен тыс партиялардың мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды. Бұл да елімізді демократияландыру жолындағы айрықша мәні бар қадамы деп есептеймін.
Демократиялық және орнықты жаңа саяси модельді қалыптастыру Қазақстанның тұрақтылығы мен тұтастығын, оның сыртқы және ішкі сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттырады.
Осы тұста баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button