Пікір

Саяси бәсеке күшейеді

Берік БИСЕКЕНОВ,
Ойыл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы күздегі Жолдауында 2023 жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары қайта сайланатынын айтқан еді. Бүгін Президент жетінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі таратылғанын мәлімдеп, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл сайлаудың бұрынғыдан өзгешелігі бар. Осының алдындағы сайлауда барлық Парламент Мәжілісінің депутаттары және әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары партиялық тізім бойынша сайланған болатын. Алдағы 19 наурызда өтетін сайлаудың ерекшелігі сол — Мәжілістің 70 пайыз депутаты партиялық тізіммен, ал 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстық мәслихат депутаттарының 50 пайызы партиялық тізіммен, 50 пайызы бір мандатты жолмен дауыс жинайды. Ал қалалық және аудандық мәслихат депутаттары тек қана бір мандатты округтерден сайлауға түседі. Бұдан саяси бәсеке күшейеді.
Президенттің «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадамдарының бірі де осы. Мемлекет басшысы мәлімдемесінде бұл сайлау науқаны еліміздегі саяси мәдениеттің жоғары екенін айқын көрсетіп, қоғамымызды ұйыстыра түсетінін айтты.
Кандидаттар мен партияларға жеткілікті уақыт беріліп отыр. Сайлау бюллетенінде «бәріне қарсымын» деген бағанның енгізілуі де халықтың пікірін басты назарға алғаны деп білемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button