Жастар

Жастардың жақсылығы

Шалқарлық жастар «Жақсылық жасап жарысайық» атты челлендж-акциясын ұйымдастырды. Алдымен көшені қардан тазалауды қолға алған олар адам жүретін жерлерді мұздан тазартты.

Шалқарда қаңтардың қары қалың түсіп, күн жылып ерігенде мұз боп қатып қалды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының  жұмысшылары аязға қарамастан көшенің мұзын ойған болатын. Олардың дені — әйел адамдар.  Ерікті жастар көше тазалығын әрі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жандарға көмектесті. Бұған 90-нан астам жас қатысқан.

Құрал-саймандарын үйлерінен әкеліп, жұмысшыларға көмектескен жастар ыстық шай мен бәліштер таратып көптің алғысын алды. Сонымен қатар аудан орталығында жалғызбасты адамдардың паналайтын үйі бар-тұғын. Онда асыраушысы жоқ қариялар,  үй-жайы жоқжалғызбасты аналар паналайды. Жастар соларға жылы киім-кешектер мен азық-түлік апарды, — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Жанна Әбденова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауданда осындай іс-шаралар мен акциялар арқылы жақсылықтың жаршысы болып жүрген жастардың  қатары көбейіп келеді.

 С.НАРЕГЕЕВ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button