Білім

Түлектер ректор грантына ие болды

Сақтаған Бәйішев атындағы университетте облыстық білім басқармасымен «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен облыстық олимпиада өтті. Бұған 300-ден аса оқушы қатысты.

Облыстық олимпиадада мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары физика, математика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша бақ сынасты.

  Оқушылар арасында олимпиада ұйымдастыру біраздан бері жоспарымызда бар еді. Осы істі университетке ректор болып келгелі алғаш рет қолға алып тұрмыз. Сол себепті оныСақтаған Бәйішев атындағы І облыстық олимпиадасы деп атадық. Негізгі мақсатымыз — дарынды оқушыларды анықтап, олардың оқуынбіздің университетте жалғастыруына мүмкіндік беру. Алдағы уақытта мұндай шара жыл сайын өтеді,— дейді университет ректоры Бауыржан Ташмұхамбетов.

Байқаудың ашықтығын, әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, «Amanat» партиясының өкілдері тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысты.

Олимпиадада «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары биология, химия, информатика пәндерінен оза шауып, Абылайхан Алтыбаев, Нұрасыл Ерболов, Болашақ Құлмұхамбетов аталған жоғарғы оқу орныныңгрантын жеңіп алды. Физика пәнінен сынға түскен оқушылардың ішінен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-лицейінің түлегі Болат Бектеміс, ал география пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінен қатысқан Дамир Рад та ректор грантына ие болды.

Қазылар алқасының шешімі бойыншаI орынды — 25 оқушы, II орынды 36 оқушы алды. Ал60 оқушы III орынғашықты.Жеңімпаздарға диплом мен медальдар табысталды.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button