Білім

Спартакиада нәтижелі аяқталды

Өңір оқушыларының 2022 жылғы ұлттық мектеп лигасы және спартакиадаға қатысу қорытындысы  бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің жиыны өтті. Басқосуға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева қатысты.

Шараны «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы  ұйымдастырды.

Жастарды салауатты өмір салтына баулып,патриоттық рухта тәрбиелеумақсатында жыл сайын мектеп оқушылары арасында дәстүрлі түрде облыстық спартакиада ұйымдастырылады. Қазір облыс бойынша 432 спорттық секцияға 15 810 оқушы қатысып жүр.

Біздің өңірдің денешынықтыру пәні педагогтері Тараз қаласында өткен республикалық мұғалімдер спартакиадасында алғаш рет ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ Ақтөбенің командасы республикалық ХІ жазғы гимназиада бағдарламасындағы 46 спорттық шараның 33 түріне қатысып,  жалпы командалық есепте ІІІ орынға ие болды, — дейді «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Қуатбай Дәрібаев.

Шара барысында гимназия мен ұлттық мектеп лигасы бойынша жалпы командалық есепте орын алған командалар марапатталды. Сондай-ақ облыстық шараларға белсене қатысып, оқушыларын республикалық спорттық сайыстарға нәтижелі дайындағаны үшін Ақтөбе қаласындағы №36 мектептің мұғалімі Батухан Түлкібаевқа Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Ал денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Бердіғали Ораз, Әнуар Басенов, Ербол Нәбиев, Айдос Сайлаубай,Айбар Сәрсен, Әли Есенов және  Ержан ҚадыровтарғаОқу-ағарту министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаттары табысталды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button