Денсаулық

Аяз және тұмау

Тұмаудың өршитін кезеңі — қыс маусымы.  Дегенмен қазіргі кезде облыстағы жағдай бірқалыпты. Халықтың 18 пайызы тұмауға қарсы екпе салдырған.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Ақтөбе облысындағы ЖРВИ, тұмау және коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте мәлімдеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, өткен жылдың соңғы он айы мен 2023 жылдың бір аптасының аралығында ЖРВИ-мен 31 мыңнан астам адам ауырған. Оның ішінде бір жасқа дейінгі балалар арасында — 935 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 17 мың жағдай тіркелген. 1620 адам ауруханаға жатып шыққан.

— 170 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырған. Ал COVID-19-ға қарсы вакцинамен 449 мыңға жуық адам егілген, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарыБекболат Ізбасаров.

Оның айтуынша, өткен жылы ауруханаға инфекциялық аурулармен 3549 науқас түскен. Оның жартысы — ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button