Ауыл

Жағабұлақтағы балабақша жөнделді

Мұғалжар

Жаңа жыл қарсаңында Жағабұлақ ауылындағы«Балауса» балабақшасының жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жағабұлақ ауылының тұрғындары аудан әкімі Асқар Шерияздановпен кездескенде осы ауылдағы жалғыз «Балауса» балабақшасының тарлығын сөз етіп, жөндеу қажеттігін өтініш етіп айтқан.Осыған байланысты аудан әкімі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «ДО КНИСГ» кәсіпорнының Ақтөбе филиалына аталған балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жөндеу жұмыстары барысында балабақшаның асханасы мен жылыту қазандығы бөлек жерден салынды, босаған екі бөлменің біреуі — жатын бөлмесіне, екіншісі ойын бөлмесіне бейімделіп жасалды.
Ішкі бөлмелердің есіктері ауыстырылып, жаңа жылу құбырлары қондырылды. Қазіргі таңда балабақшадағы екі топта 52 балатәрбиеленіп жүр. Алдағы уақытта сұранысқа қарай үшінші топ ашу жоспарланып отыр.

Жандос АЙТЖАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button