Мереке

Құрметті облыс тұрғындары!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!

Әдетте Жаңа жыл қарсаңында өткен жылдың қорытындыларын жасаймыз. 2022 жыл оң және қуанышты оқиғаларға толы болғанын сезіну жүректі жылытатыны сөзсіз!

Облыста тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Қазіргі уақытта ақтөбеліктердің 98 пайызы таза ауызсумен, 93 пайыздан астамы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл 536 шақырым жол жөнделіп, экологиялық мәселелер шешіліп, 33 000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл — 2022 жылы бізді қуантқан жағымды оқиғалардың бір бөлігі ғана.

Құрметті облыс тұрғындары!

Алда жаңа, 2023 жыл күтіп тұр. Оның қандай қуанышты, жаңа жетістіктерге толы болатыны біздің өзімізге байланысты, отбасымызды, өлкемізді, елімізді гүлдендіру, дамыту үшін қандай күш-жігермен жұмыс істейтінімізге байланысты. Алдағы жылы әр отбасында береке-бірлік болып, балалардың бақытты, қуанышты  күлкісі үзілмесін!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз, жаңа жылда барлық арман-тілектеріңіз  орындалсын!

Шынайы құрметпен,

Амангелді НҰҒМАНОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button