Жаңалықтар

«Жеңіс» жобасы қолға алынды

Биылғы жылдың шілде айынан бастап «Ұлттық волонтерлік желі» бірлестігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Қазақстанның 35 қаласында «Жеңіс» жобасы бастау алды.

Жобаның мақсаты — Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсетуді ұйымдастыру, ең бастысы оларға құрмет білдіріп, қолдау жасау.
Ақтөбе қаласы бойынша мақсатты топтан барлығы 60 адам қамтылып отыр. Волонтерлер оларға жүйелі түрде рейдтерді жүзеге асыруда.
«Жеңіс» жобасында өз еркімен ардагерлерге көмек көрсеткісі келетін әрбір адам волонтер бола алады. Рейд барысында ардагерлерге тұрмыстық-әлеуметтік, психологиялық-тұрмыстық, дүкеннен азық-түлік әкелу, дәрі-дәрмек жеткізу, үй-жай тазалау, т.б. сияқты жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Жобаға қатысу үшін @zhenys_project_aqtobe парақшасына directке хабарласу керек.
Ардагерлерге көмек көрсету әрқашан оларды қуантады және жылу сыйлайды.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button