Жастар

Жастар бас қосты

Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық келісім мекемесі ассамблея жастарының қатысуымен TEDХ форматындағы кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары, жоғары оқу орындарының студенттері, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері мен волонтерлер қатысты.

Кездесудің мақсаты — жас ұрпақ арасында патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту.

Жастар тынбай еңбек етуі керек. Мақсатшыл адам ғана арманына жете алады. Кез келген адам жаңашылдыққа бет бұрса, білімді жастарымыз көп болары сөзсіз, — деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Аmanat партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Асылжан Бүркіталин.

Еркін форматтағы кешке жиналғандардың қатарында шешен қызы Ализа Каихарова да бар.

— Мен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатуға өз үлесімді қосып келемін. Қазақ тілін үйрену үшін «Родина KZ» этномәдени бірлестігінің  төрағасы, «AqtobeOnline» медиа қоғамдастықтың негізін қалаушы Юрий Гончаров ашқан «Абай» курсында оқыдым. Ол «Абай» курсының жетекшісі ретінде жастарға қолдау көрсетіп келеді. Юрий Гончаров ассамблея мүшелерімен бірге екі ауқымды жоба қолға алып жатыр. Бірі — «Тик Ток хаус» жобасы болса, енді бірі — «Жұбанов жылуы» атты волонтерлер мектебі. Осы секілді жобалар арқылы белсенді жастар қазақ тілінің мәртебесін көтеретін болады, — деді қатысушы.

Жоба барысында жастардың көкейінде жүрген мәселелер талқыланып, жаңа жобалардың жүзеге асырылуы сөз болды.

Ұлтым якут болғанымен, жүрегім қазақ деп соғады. Өзім қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Өз елімді мақтан етемін. Қолым қалт етсе, қоғамдық іс-шаралардан қалыс қалмаймын. «Мейірім  волонтерлер ұйымына өз көмегімді беріп тұрамын, — деді «Aqtobe» телеарнасының жаңалықтар қызметінің редактор-жүргізушісі Анастасия Евсеева.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button