Жастар

І орын — «Нереал» командасында

«Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен әуесқой командалар арасында шағын футболдан «AMANAT CUP» турнирі өтті.

Бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында өткен шағын футбол турниріне өңірдегі жұмысшы, блогер, танымал жастардан құрылған 8 команда қатысты.

Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша І орынды бұқаралық спорт өкілдері, медиа саласының жастарынан құрылған «Нереал» командасы жеңіп алды. Ал ІІ орын Қазақстан теміржол мекемесінің жұмысшы жастарынан жасақталған «ҚТЖ» командасына, ІІІ орын әзілқой жастардан құрылған «Жайдарман Ақтөбе» командасына бұйырды.

Сонымен қатар жалпы ойыншылар арасында шебер ойын көрсеткен жастар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» номинациясын алды.

Командалар мен ойыншыларды «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әнуар Есқарин марапаттап, өз ризашылығын жеткізді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button