Мереке

Құрметті Энергетика саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетика Күнімен шын жүректен құттықтайды!
КСРО электрлендіру бағдарламасын еске алу мақсатында 1966 жылы бастау алған Энергетика күні, адамдарды тәулік бойы жанқиярлық және адал еңбегімен электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жұмысшылардың мерекесі.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жеке дербес бірлікке айналған энергетикалық жүйесі кеңінен жаңғыртылып, жаңа, заманауи технологиялар енгізілді. Мемлекет елімізде жаңа энергетикалық нысандар, қосалқы станциялар, ЖЭЖ, ЖЭО, ГЭЖ салу үшін қомақты қаражат бөлді. Электр энергиясы мен жылу энергиясын тұтынуды есепке алудың, жарық пен жылуды ұқыпты пайдалану мен үнемдеудің жаңа технологияларын енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.
Қандай жағдай болмасын, үйлерге, кеңселерге, ауруханалар мен емханаларға, мектептер мен балабақшаларға, кәсіпорындарға жарық пен жылу беру – сіздің жұмысыңыз. Сіз бұл тұрақты еңбекті абыроймен атқарып келесіз!
Құрметті Энергетика саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты атынан баршаңызға шын жүректен амандық, отбасылық бақыт және еңбекте жаңа жетістіктер тілейміз!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Амангелді Нұғманов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button