Денсаулық

Қызметтік көліктерді табыстады

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңа автокөліктерге ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 13-отырысында санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, жаңа комитет құру, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен беделін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын. Осыған орай биыл республикалық бюджет есебінен Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 132 көлік сатып алып, барлық аумақтық департаменттерге бөліп берді. Оның ішінде Ақтөбе облысы да бар.

Кеше облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларына 7 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button