Мереке

Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстанның мемлекеттік прокуратурасы өткен ғасырдың 1922 жылы құрылып, осы жылдар ішінде өзінің қалыптасу, даму кезеңдерінен өтті.
Прокуратура органдарының көптеген қызметкерлері сталиндік қуғын-сүргінді де көрді, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға аттанды, қанды шайқастарда жүздеген тергеушілер мен прокурорлар қаза тапты.
1991 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстанда прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылды. Кейін бұл күн прокуратура органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдарының қызметкерлері еліміздің заңдарының сақталуын қатаң бақылай отырып, өздерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нағыз қорғаушылары ретінде көрсетті.
Бүгінде Қазақстанның прокуратура органдары осы маңызды миссияны абыроймен атқарып келеді.
Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!
Отбасыларыңызға амандық, денсаулық және бақыт тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Амангелді НҰҒМАНОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button