Жаңалықтар

Сенімді ақпаратты «Ақтөбеден» оқимыз

Салтанат АЙТЖАНОВА,

И.Тайманов атындағы гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Қобда ауданы.

«Ақтөбе» газеті — өңірдің айнасы. Біздің облыстың жылнамасы іспеттес басылымда, расында,облыстың бар шежіресі қаттаулы тұр. Ғасырға жуық тарихы бар газетте бас алмай, бір деммен оқитын мақалалар көп.

Ақпараттың бәрі интернетте толып тұр.Қазір болған жаңалықты, қазір-ақ оқып, білуге болады. Дегенмен интернет ресурстары газеттің орнын алмастыра алмасы анық. Әлеуметтік желілердің тарататыны —  ақпарат қана. Сол себепті талғампаз оқырман бәрібір газетті іздейді.  Бұл — бір. Екіншіден, әлеуметтік желідегі, түрлі сайттардағы ақпараттардың шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін білмейміз. «Ақтөбенің» ерекшелігі, газетте жарық көрген барлық ақпарат, барлық материал нақты деректер мен ресми мәліметтер бойынша әзірленеді. Яғни сенімді ақпаратты «Ақтөбе» газетінен оқимыз.

Өзім білім саласында еңбек ететін болғандықтан «Білім» қосымшасын сүйсініп оқимын. Педагогтердің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан ізгі шараларды алдымен «Ақтөбеден» білеміз. «Білім»бетінде көп көкейінде мазалап жүрген мәселелерзерттеліп жазылады.

Сондай-ақ «Ауыл» қосымшасы, «Аудан» беті де оқылымды. Ауыл тірлігі, ауыл өмірі боямасыз жазылады.

«Редакцияға хат»— оқырманның «төл» айдары.Басылымның өз оқырманымен тығыз байланыс орнатқанын осы айдардан, «Оқырман» бетінен білуге болады. Соңғы кездері хат жазу дәстүрі қалып барады ғой. «Ақтөбе» сол игі дәстүрді жаңғыртып, оқырман көтерген мәселенің анық-қанығын анықтап, мәселесін шешуге септігін тигізіп отыр.

Оқырманың көбейе берсін, «Ақтөбем»!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button