Пікір

Үміт пен сенім

Алтай ТАЙЖАНОВ,

профессор, философия ғылымдарының докторы.

Орталық сайлау комиссиясы мәлімдегендей, 20 қараша күні Президент сайлауына 6 миллион 456 мың 392 адам дауыс берген. Бұл — сайлаушылардың 85 пайызы. Біздің Ақтөбе облысы сайлауға белсенді түрде қатысқанына куә болдық. Халықтың көпшілігі Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдады. Президенттің бұл жеңісі халықтың  сенімі десек, дұрыс болар. Бұған дейін Жолдауларында, үндеулерінде және сайлауалды бағдарламасында көтерілген мәселелердің шешімін күтеміз. Ендігі міндет — әділетті Жаңа Қазақстан құру. Заң және тәртіп, берекелі қоғам, ұлттық сапа, азаматтардың мүддесін қорғайтын мемлекет құрып, оны басқарудың жаңа моделін жасақтау. Міне, Қазақстан халқы осындай істердің жүзеге асуы үшін  Президентке дауыс берді. Болашаққа үлкен үміт пен сенім артып отыр. Біз мемлекет басшысын таңдадық. Енді алға қойған мақсаттарымыздың орындалуына бәріміз бірге атсалысуымыз керек. Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру қажет. Жаһандану заманында білімділердің төрге озатын кезі. Президент сайлауалды бағдарламасында білім сапасын арттыруға, ғылымға ерекше көңіл бөлді. Мен ғылым мен білім беру саласының қызметкері ретінде уәде етілген өзгерістердің сөз жүзінде  емес, іс жүзінде жүзеге асқанын қалаймын. Алда Парламент сайлауы келе жатыр. Президенттің өзі оған өзгеше жобаларды енгізіп отыр. Демек, бұл сайлау Қазақстанның жаңа кезеңіне жарқын жол ашады деп сенім білдіремін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button