Пікір

Халық күткен жеңіс

Майра ҮМБЕТАЛИНА,

кәсіпкер

Кешегі күні Президенттік сайлауда дауыс беріп, өз таңдауымызды жасадық. Ел тізгінін Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты азаматтың қолға алуы халықтың таңдауы болса, біз де отбасымызбен шын қуандық. Бұрын осы мемлекеттік тұлғаның қай жағынан да мол тәжірибесі бар, көргені мен көңіліне түйгені мол екенін, мәдениет этикеті мен сауаттылығын жоғары бағалайтынбыз.

Бұл сайлаудың қалыпты өтуінің өзі парасаттылық мінездің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы күндеріміздің жарқын болатынына аналық жүрегім сенеді.

Президентіміздің келер күндерде де ел алдындағы міндетін абыроймен атқаруына әрқайсысымыз қолдау көрсетіп, еліміздің, ұрпағымыздың болашағы үшін өз үлесімізді қосуымыз керек. Мемлекет басшысының елдің әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан қыруар істерін көріп отырмыз. Осындайда бір-бірімізге қолдау көрсетіп отырсақ, игілікті ісіміздің оң боларына сенемін. Сайлауда жастарымыздың бірауыздан басымдық танытып, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауы олардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын білдіреді. Жаңа әділетті қоғамды дамытуда аянбай еңбек етуге барша қазақстандықтарды шақырамын.

Менің өзім де ұрпақ өсіріп отырған анамын, немерелердің әжесімін. Ең алдымен тілейтінім — ел тыныштығы, ауызбіршілігіміз. Қандай ортақ шаруаға да түгел жұмылайық, сонда төбедегіміз келетінін ұмытпайық.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button