Пікір

Жарқын үмітіміз — жаңа Қазақстан

Кристина РАКИТИНА,
жас кәсіпкер.
20 қараша күні мен де көптеген отандастарыммен бірге еліміздегі Президент сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым.
Мен — кәсіпкермін. Мемлекетіміздің қолдауымен, қайтарымсыз грант алып, өз кәсібімді бастаған едім. Бастаған ісім берекелі болса деген тілекпен, тынбай еңбектеніп келемін.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бастамасы мені жігерлендірді, болашаққа деген үмітімді бекіте түсті. Бәріміз де алда елімізде жақсы жаңалықтар, оң өзгерістер болса деп күтеміз. Қазіргі қиындықтарды еңсеру жолында біз үшін ең керегі, ең бастысы — бірлік деп ойлаймын. Еліміздің, халқымыздың, балаларымыздың болашағы жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тек өзіміздің ынтымақ-бірлігімізге, өз күшімізге ғана сенуге тиіспіз.
Иә, әлі де арамызда ойы сан-саққа жүгіріп, сенімнен гөрі күдікке бой алдырып жүрген жандар жетерлік. Десек те, мені қазақстандықтардың басым көпшілігінің ертеңгі күнге деген жарқын үміті қуантады. Тәрбиелеп отырған балаларыңның болашағына сену — үлкен бақыт. Ал ол бақытты біз өз қолымызбен ғана жасай аламыз дегім келеді.
20 қараша — еліміз жаңа белеске аяқ басқан күн болды. Тарихтың бұл жаңа белесінде жеңістеріміз, табыстарымыз көп болғай!

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button