ПікірСайлау

Сайлау халықтың сенімін көрсетті

Амантай ҮМБЕТАЙ,

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

Қазақстандықтар еліміздің баянды болашағы үшін Президенттік сайлауға қатысып, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Қала халқы дауыс беру барысында өз үміткеріне сенім білдіріп, таңдауын жасады. Мен де №540сайлау учаскесіне келіп, елдің жарқын болашағы үшін  дауыс бердім. Орталық сайлау комиссиясы еліміздегі Президент сайлауының қортындысын жариялап, ресми мәлімет бойынша Қазақстан халқының 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бергенін айтты.Бұл нені білдіреді? Әрине, халықтың Мемлекет басшысына деген зор сенімін көрсетеді. Саяси науқанды халықаралық ұйым өкілдері де бақылады. Ешқандай заңбұзушылық болмағанын біз де көзімізбен көрдік. Әсіресеақтөбеліктердің сайлауға деген белсенділігі өте жоғары болды. Ел әділтті Қазақстанға, жарқын болашаққа дауыс берді.Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болғалы көптеген заңнамалар өзгеріп, референдум өтті. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламалары халықтың көңілінен шықты.

Құрметті қазақстандықтар, Мемлекет басшысының айқын жеңісі баршамызға құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің даму жолы баянды бола бергей!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button