Үш оқушы жеңімпаз атанды
Жыл оқушысы
«Жыл оқушысы» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысында үш оқушы үздік атанып, ел бойынша өткізілетін сайысқа жолдама алды.
Газетіміздің өткен нөмірінде аталған байқауға Ақтөбе қаласындағы мектептердің оқушыларымен бірге ауыл балалары да бақ сынап жатқанын жазған едік.
43 оқушының арасынан 3-еуі үздік атанды.
— Конкурста балалар 6-7 сынып, 8-9 сынып, 10-11 сынып оқушылары болып үш топқа бөлініп жарысқан болатын. Байқау тартысты өтті. Оқушылардың барлығы да тиянақты дайындалып келген. Бәрі де қабілетті, өнерлі өрендер. Конкурс қорытындысында 3 оқушының еңбегі іріктелді. Олар: Мәртөк ауданындағы №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Нұрислам Дүйсенғали (6-7 сыныптар бойынша), МақсотҚұсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Айдын Қабидолла (8-9 сыныптар бойынша) және дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Нұрбол Өтениязов (10-11 сыныптар бойынша), — дейді «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Жания Есенжолова.
Оның айтуынша, ІІ жүлделі орынды— 6 оқушы, ІІІ жүлделі орынды 9 оқушы және мақтау қағаздарын 9 оқушы иеленген. 16 оқушыға конкурсқа қатысқаны үшін сертификат берілді.
Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасау, олардың көшбасшылық қабілетін дамытуды мақсат еткен жарыстың республикалық кезеңі онлайн форматта ұйымастырылады.
Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.