Денсаулық

Ауыратындар азайып келеді

Биылғы бастапқы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласында 100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші төмендеп отыр.

Бұл жөнінде қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мерзім ішінде Ақтөбеде туберкулезге шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 29,6 болды. Балалар арасында100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезге шалдығу көрсеткіш — 5,2.Ал өткен жылдың бастапқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 6,8 болған еді.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткішіне келсек, 100 мың тұрғынға шаққанда — 1 адам, бұл да өткен жылғы көрсеткіштен 1,4 есе аз.

Туберкулез — жұқпалы ауру. Ол науқас адамнан, ауру малдан да жұғады.

Туберкулездің алғашқы белгілері ретінде мамандар мыналарды атайды:күрт салмақ тастау, тершеңдік, кеуде тұстың ауырсынуы, жөтел, қан түкіру, әлсіздік, тез шаршау.

Туберкулез — жазылатын ауру, ең бастысы, оны асқындырмай анықтау керек.

Туберкулездің алдын алу мақсатында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп, бірқатар шаралар атқарды. Оның ішінде ауруды ерте бастан анықтаудың маңыздылығы ескеріліп, тұрғындардың әлсіз топтарын флюорографиялық әдіспен тексеруден өткізу көзделді. Бұл үшін 218911тұрғынның тізімі жасалып, олардың95,8 пайызы бүгінге дейін тексеруден өтті. Тізімге енген балалардың 95,6 пайызына немесе38164 балаға манту сынамасы қойылды. Жаңа туған нәрестелердің 92,9 пайызы БЦЖ екпесімен, ал 41 571 бала ревакцинациямен қамтылды.

Перинаталдық орталықта БЦЖ екпесін алмаған нәрестелердің ата-анасынан, отбасының басқа да мүшелерінен туберкулезбен ауырмайтыны жөнінде анықтама талап етіледі. Сондықтанбарлығы тексеруден өтуі керек. Өйткені БЦЖ екпесін алмаған, иммунитеті жоқ нәресте таза ортаға баруы қажет.

Жалпы, елімізде 15 жастан тұрғындардың бәрі де жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтіп тұрғаны дұрыс. Ал 15 жасқа дейінгі балалар үшін туберкулиндік манту сынамасы қолданылады.

Кімде-кімнен туберкулез дерті анықталса, екі апта мерзім ішінде онымен байланыста болған адамдардың бәрі де тексерілугетиіс.Ал отбасында балалар болса, оларға санаториялық типтегі сауықтыру мекемесіне жолдама беріледі.

Егер денсаулығыңызға байланысты қандай да бір шағым, күдігіңіз болса, уақтылы дәрігерге қаралыңыз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button