Жаңалықтар

Статистика саласы  қызметкерлерін құттықтады

Мәслихат

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әсел Шүнкеева бастаған депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелерінің бір тобы статистика департаментінің қызметкерлерін кәсіби мереке — Статистика қызметкерлері күнімен құттықтады.

Олар департамент бөлімдерінің жұмысымен танысып,  ұжыммен кездесті және қызметкерлердің жоғары кәсібилігін атап өтіп, оларға жақсы тілектерін айтты.

— Еліміздің статистикалық қызметі жұмысының принциптері мен әдістері барлық уақытта жоғары кәсібилікпен және өз қызметінде қазіргі заманның барлық озық технологияларын белсенді қолданумен ерекшеленіп келеді. Қазақстанның мемлекеттік статистика қызметі мемлекет талап ететін әртүрлі ақпаратты жүйелеу және сақтау бойынша өте маңызды жұмыс атқаруда, — деп атап өтті Әсел Шүнкеева құттықтау сөзінде.

  Н.ДОСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button