Мереке

Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді кәсіби мереке – ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтайды!
Осыдан 29 жыл бұрын, 1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің ел аумағында ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлығы шықты, содан бері бұл күн біздің тәуелсіз Республикамыздың қаржы жүйесінің барлық қызметкерлері үшін мереке болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында өз ісінің мамандары – қаржыгерлер ел экономикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қазіргі заман қаржы саласының қызметкерлерінен жаңа шешімдерді талап етеді, кейде қиын міндеттер қояды. Бірақ Қазақстан тәуелсіздігінің барлық жылдарында қаржы саласының мамандары өз міндеттерін адал орындап , бюджеттік ресурстарды тиімді пайдалану бойынша өз қызметтерін абыроймен атқаруда, соның нәтижесінде халықтың экономикалық өсуі мен әлеуметтік әл-ауқаты қамтамасыз етілуде.
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты сіздерді ұлттық валюта күнімен құттықтайды!
Шаңырақтарыңызда әрқашан амандық пен бақыт орнасын!

Ізгі ниетпен,
Амангелді Нұғманов,
Ақтөбе облысы мәслихатының
хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button