Жастар

Білім мен ойын

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен колледж оқушылары арасында «Ой-өріс» атты интелектуалды ойыны өтті.

Білім додасына Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар, сервис, автожол колледждерінің оқушылары қатысты.
Шара жастардың білімін шыңдау, бос уақытын тиімді өткізу, құқықбұзушылықтың алдын алу және нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өтті.
Ойын қорытындысы бойынша Жандарбек Жетпісбаев I орын алса, II орынды Нұрболат Алмасов, III орынды Назерке Ғабидолла иемденді.
Орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков интелектуалды сайыс жеңімпаздарына орталық атынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстап, барлық қатысушыларды білімін ортаға салып, белсенділік танытқандары үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button