Пікір

Ел тағдыры үшін әр азамат жауапты

Серік ШАҢҒҰТОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ертеңгі күнге сеніммен қарау үшін қоғамда әділдік үстемдік етуі керек. Ал әділ қоғам өздігінен орнамайтыны тағы белгілі, ол әрқайсысымыз соған атсалысқанда ғана орнайды. Біздің
Ата Заңымызда «Биліктің бастауы — халық» деп атап көрсетілген. Халық билігі азаматтардың
белсенділігі, мемлекеттік шешімдерге жанашырлықпен атсалысуы арқылы жүзеге асады.
Алдымызда тағы бір аса маңызды тарихи сәт тұр.

Ол — 20 қараша күні өтетін Президент сайлауы. Бұл сайлаудың жөні де бөлек. Конституцияға бүкілхалықтық референдум арқылы енгізілген өзгеріс бойынша енді елімізде Президент 7 жылға бір
рет қана сайлана алады. Сондықтан 20 қарашада біз еліміздің алдағы 7 жылда қай бағытта дамуына, сол арқылы өз болашағымызды айқындауға дауыс береміз.
Тәуелсіздік алғалы бергі уақыттың ішінде мемлекетіміз үлкен жолдан өтті. Соның ішінде біздің аймақта да көптеген жақсы жаңалықтар болды: барлық аудан орталықтары мен ондаған ауылдарға көгілдір отын барды, таза ауызсу апарылды, бұрын болмаған жолдар салынды, көптеген мектептер бой көтерді,
әсіресе қазақ мектептерінің саны көбейіп, қазақ тілінде оқитын балалардың үлесі артты. Осының
бәрі халқымыздың телегей-теңіз еңбегі арқылы келді. Енді барымызды еселеп, өткеннің кейбір қателіктерін түзеп, алдағы күнге бұдан да зор сеніммен қараудың қамын жасауды ойлайтын сәт
туды.
Алдағы сайлауды өткізуге арналған шараларға облыстық және аудандардағы ардагерлер ұйымдары атсалысып отыр.
Әрине, ардагерлер жауапкершілікті терең түсінеді және баршаны алдағы маңызды оқиғаға бейжай қарамауға шақырады, өйткені ел тағдыры үшін бүкіл халық және әр азамат жауапты.`

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button