Мәдениет

Жүрекке жеткен әуен

Қайырымдылық

Студенттер сарайында облыстық «Volonter.2020» Aqtobe орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерт өтті. Оған Нұрболат Қанай және Нұрладдин Сағынов, Нұрхан Рзағалиев сынды жас әншілер қолдау көрсетті.

Қайырымдылық іс-шарасы актер Сержан Баймұратовтың сценарийі бойынша жазылған театрландырылған қойылыммен басталды.

Бимашевтер отбасына материалдық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған кешке қатысқанАқтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаевжүрегі мейірімге толы жандарға ризашылығын білдіріп, волонтерлік топқа қолдау көрсетілетінін жеткізді.

—Адам баласы аз ғана ғұмырында қайырымдылық жасауы тиіс. Игі іс бізге емес, келер ұрпағымызға береке әкеледі. Көмекке мұқтаж адамдарға қолдан келгенше қолдау көрсетейік,— деді белгілі әнші Нұрболат Қанай.

Шара соңында облыстық волонтерлер кеңесінің төрағасы, «Volonter.2020» Aqtobe орталығының жетекшісі Нұрбек Жалғасбаев концерттен жиналған 500 мың теңгенің серификатын балалардың қамқоршысына табыстады. Олар бұл ақшаны кәмелеттік жасқа толған соң пайдалана алады. Оған дейін жиылған қаражат балалардың жеке шотына аударылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған волонтерлік ұжым жастары халықтың жұмыла қолдау көрсетуінің арқасында Бимашевтер отбасына үй сыйлаған еді.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button