Мәдениет

17 ұжым бақ сынады

Жұбановтар әуені-2022

Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, академик Ахмет Жұбановтың есімін ұлықтау мақсатында Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына орай Ақтөбеде «Жұбановтар әуені – 2022» халықаралық хор музыкасының фестиваль-байқауы өтті.

Кезекті рет ұйымдастырылған байқауға Татарстан елінен және Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Павлодар, Ақтөбе қалаларынан 17 хор ұжымы қатысты.

Қазылар алқасына ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Базарғали Жаманбаев төрағалық етті. Беларусь мемлекеттік музыка академиясының көркемдік жетекшісі және хор дирижері, халықаралық байқаулардың лауреаты Бодяко Инесса, өнертану кандидаты Галина Шпак, халықаралық конкурстардың лауреаты, хормейстер, Түркия мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Бурса қаласының мемлекеттік классикалық музыкалық хорының артисі Арзу Темел және тағы да басқа мемлекеттерден келген қонақтар болды.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің ерлер хор ұжымы және П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің «Алатау» жастар хор ұжымы жеңіп алды. 1-орынды Татарстаннан келген «Quantum» вокалдық ансамблі, Маңғыстау өнер колледжінің хор ұжымы және Атырау қаласы Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы иеленді.

Фестиваль-байқаудың жалпы жүлде қоры — 5 миллион теңге. Үздік дирижер, үздік солист, үздік хор ұжымы анықталып, жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сыйлықпен және дипломдармен, арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button