Денсаулық
Темекіден аулақ бол!

19 қазан — Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне орай Ақтөбе автожол колледжінде «Темекі шегудің алдын алу» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Оған С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері және Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
Шара барысында колледж оқушыларына ҚР Әкімшілік Кодексінің 434, 441-баптарында айтылған ұсақ тәртіпсіздік туралы ақпараттар берілді.
Кездесуде кітапхана қызметкерлері мен әскерилер оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға үндеп, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екенін жеткізді. Сондай-ақ ақпараттық сағатқа қатысушылар өзара пікір алмасты.
С.МАЙМАҚОВА.
Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімінің маманы, ефрейтор.