Мәдениет

Ақтөбе айтысты сағынып қалыпты

Айтыс

Ақтөбе қаласындағы Студенттер сарайы лық толы. Бүгін мұнда Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына арналған «Еркіндік қыраны, шарықта» атты республикалық ақындар айтысы болып жатыр.
Айтысты облыс әкімі Ералы Тоғжанов ашып берді.
Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов төрағалық ететін қазылар алқасының құрамында Алтынбек Қоразбаев, Несіпбек Айтұлы, Жанарбек Әшімжан, Нұрлыбек Қалауовтар бар.

Сөз додасын Жүрсін Ерманның өзі жүргізіп отыр.
Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан, Біржан Байтуов, Ершат Қайболдин секілді елімізге танымал ақындар қатысып жатқан айтыстың финалы ертең сағат 10.00-де Студенттер сарайында өтеді. Қапы қалмаңыздар.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button