Пікір

Нақты жеңілдіктер, айқын міндеттер

Бақыт ЕРАЛИНА,

«Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі,

 Ырғыз ауданы.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім саласына басым көңіл бөліп отыр. Атап айтсақ, балабақшадағы тәрбиешілердің жалақысын көтеру, мамандарды аттестациядан өткізіп, білім деңгейін саралауға ерекше мән берді. Мұның барлығы жас буынның жан-жақты жетілуіне, өркендеп-өсуіне жасалып отырған қамқорлық деп білеміз.

2025 жылға дейін бір мың жаңа мектеп салып, шәкірттердің заманауи білім ордаларында дәріс алуы қамтамасыз етіледі. Міне, бұл мектеп, мектепке дейінгі ұйымдарға көрсетілетін көмек.

Елдегі ең төменгі айлық көрсеткіші ұлғаяды. Кәсіп бастаймын деген жастарға жеңілдікпен несие беріледі. Сондай-ақ кәсіп жасаймын деген талапкерлерге жер беру керектігі, бос жатқан жерлерді мақсатқа сай пайдалану жөнінде нақты айтылды.

Аналардың жанайқайы іспетті зейнеткерлік жасты төмендету бағытында нақты қадам жасалды. 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас болатындығы оңды шешім деп ойлаймыз.

Биылғы жылғы Жолдау ерекше, талап пен талғамға сай және халыққа жағымды. Жолдауды тыңдаған әрбір қазақстандық қолдайды деп ойлаймын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button