Білім

«Алтын белгіге» кім лайық?

Биылдан бастап ҰБТ нәтижесінде, «бестікке» 1 балы жетпеген «Алтын белгіден» үміткерге жалпы білім беру туралы аттестат емес, үздік аттестат беріледі.

Білім және ғылым министрлігі білім бөлімдері мен мектеп басшыларына «Алтын белгіге» үміткер болуға лайықты түлектің мүмкіндігін шектемеу керектігін ескертті. Мектеп бітіруші «Алтын белгіні» қорғасын, қорғамасын, оны мектеп директоры үміткер ретінде ұсынуға міндетті. Егер ұсынбаса, білім беру мекемесінің басшысы тиісті органдарға жауап береді. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының қызметкері Гүлжан Құлыбекова былай дейді:

2010 жылы 9 шілдедегі «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау  үлгі ережесін  бекіту  туралы» бұйрыққа  толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес, ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында «Алтын белгіден» үміткер түлектің «бестікке»  1 балы жетпесе, оған үздік аттестат беріледі.

Сәуірдің 15-і күнгі мәлімет бойынша, облыстағы мектеп бітірушілердің 248-і — «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер. Ақтөбе қаласы мен облыстық білім беру мекемелерінде (облыстық физика-математика мектеп интернаты, қазақ-түрік лицейі, М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат) «Алтын белгіден» үміткерлер көп. Ал аудандардың арасында үміткерлердің басым бөлігі Мұғалжар (29), Темір (27), Шалқар (14), Байғанин аудандарында (12). Әйтеке би ауданында «Алтын белгіге» үміткер мүлде жоқ.

«Алтын белгіні» иелену үшін оқушыға қойылатын талап: 5-10 сыныптарда жылдық және қорытынды бағалар «бестік» болуы тиіс. Және ұлттық бірыңғай тестілеуде жауаптары «5»-ке бағалануы керек.

Дегенмен, кейбір ата-аналар «Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талапты дұрыс білмейді. «Алтын белгіге» үміткер болуы үшін бала облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы міндетті деп  ойлайтындар бар. Үміткер болу үшін олимпиадаларда жүлдегер атану немесе ғылыми жобаларды қорғау шарт емес. Сондықтан егер мектеп бітіруші тек қана осы жағдайлар үшін «Алтын белгіге» үміткер ретінде ұсынылмаса, әлі де кеш емес. Сәуірдің 25-іне дейін уақыт бар, — дейді Гүлжан Құлыбекқызы.  Оның айтуынша, кейбір мектептерде директорлар түлектерді «Алтын белгіге» ұсынбайды екен. Сылтау — түлек «Алтын белгіні» ақтай алмауы мүмкін.

Мектеп директорларының баланы «Алтын белгіге» ұсынбауы дұрыс емес. Бұл — баланың құқығын шектеу.

Былтыр Қарғалы, Темір аудандарында мектеп басшылығы кейбір түлектерді «Алтын белгіге» ұсынған жоқ. Бірақ ұсынылмаған балалар ҰБТ нәтижесінде «бестік» баға алды. «Алтын белгіге»  үміткерлердің тізімінде жоқ болғандықтан, оларға «Алтын белгі» берілмейтін еді. Мектеп басшылығы балаларды ұсынбаса, оған түлектер кінәлі емес. Осыны ескеріп, облыстық білім басқармасы министрлікке жағдайды түсіндіріп, ұсыныс хат жазды. Соның нәтижесінде, ол түлектер «Алтын белгі» иегері атанды. Биылдан бастап мұндай жағдай жасалмайды. Сондықтан, мектеп директорлары балалардың құқығын шектемей, үздік оқыған мектеп бітірушілерді «Алтын белгіге» ұсынуы тиіс. Егер ұсынбаса, аудандық білім бөлімдері мен мектеп басшылары бұл іске өздері жауап береді, — дейді облыстық білім басқармасының жетекші маманы Гүлжан Құлыбекова.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

2 Comments

  1. Қайырлы түн! Мен кеш болса да Сіздерге хат жолдауды жөн коріп отырмын. Қызым 11 сыныпта оқиды,1-10 сынып аралығында үлгілі мінез-құлық көрсеткені және өте жақсы оқығаны үшін грамотамен марапатталып «Алтын белгі» белгісімен 11 сыныптың басында тізімге кірген.Ал 1-ші тоқсанда 5,ал 2-ші ,3-ші токсанда 4-ке шығарды (себебі: сынамды тестті 4 кейде 5 болғаны үшін,-деп).Мен анасы ретінде қанша өтініп жіберуін сұрасам да ,олар «Алтын белгі» белгіге жібермеді.Менің Сіздерден өтінерім кеш болса да маған заңға сүйене отырып дұрыс жолын айтып берсеңіздер.Көп рахмет!

  2. Salemetsizder me
    Men 8 sinipta bir pannen jildikka 4 ke ketip kalip edim, kalgan sabajtarimnin bari 5. 9 sinipta kizil kyalik aldim. 10-11- siniptarda toksandardin bari 5 boldi. Birak , men «altin belgige» ysinilgan jokpin. Ogan sebep janagi bir sabak boget bolip tyr. Ylttik Biringai Testileyde 116 vall aldim. Barlik sabagim «5» .Menin estyimshe bir pannen 4 algan «altin belgige » ymitkerler de yzdik attestat aladi eken. Sonda bul kalai ?
    Bizdin direktor «altin belgi» men » yzdik attestattin » statysi bir dep aitkan bolatin.
    «Altin belgisin » korgai almagan altindarga «Yzdik attestat » beretin bolsa, bizge nege
    «altin belgi» bermeske…Korgai almagan «altin belgiden» ymitkerlerge jagdai jasalgan da, biz ne dalada kalamiz ba? Osi joninen oilansanizdar eken..

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button