Мәдениет

«Құстың қос қанатындаймыз…»

Отбасы

Сәрсенбі күні Нокин Мәдениет үйінде «Отбасы — ұлттың тірегі» атты кездесу кеші өтті. Бұл — Отбасы күніне орайластырылған мерекелік шара.

Ақтөбе қаласының іргесінде орналасқан Кеңес Нокин ауылындағы мәдениет мекемесінде ұйымдастырылған шараның мақсаты — өскелең ұрпаққа отбасы құндылығын дәріптеу, шығармашыл әулеттерді өзгелерге кеңінен таныстыру.

Мерекелік шара «Мерейлі отбасы-2022» байқауының қатысушылары,
«Өнерлі әке-2022» байқауының II орын иегері, Нокин Мәдениет үйі бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Тәжіғұловтың отбасымен шырқаған «Ақтөбем» әнімен ашылды. Одан соң өнерлі Елемесовтер,  Еркеғұловтар,  Құсайыновтар отбасылары ән салып, өз өнерін көрсетті. Ал шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толған «Алтын той» иелері —  Төлеубаевтар, 45 жыл толған «Жақұт той» иелері — Шортанбаевтар, 25 жыл толған «Күміс той» иелері — Құрмановтар және жас жұбайлар Мұқановтар өздерінің махаббат хикаясы туралы әңгімелеп, ғашықтық ғаламаты жөнінде сыр шертті.

Соңында атқарушы билік өкілдері атынан қатысушыларға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Айәли АЙБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button