Пікір

Президентті бір мерзімге сайлау әлемдік тәжірибеде бар

Михаил БОЖКОВ,

«Вяра» болгарлар этномәдени бірлестігінің мүшесі

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған басым бағыттарға тоқталды. Ұлт денсаулығы, білім сапасы, әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы, төменгі жалақы, тіпті мектеп формасына дейін сөз етті. Осылардың біразы орындалып жатыр, енді жасалатыны да жетіп артылады.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің болашақ Президентін жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлауды ұсынды. Президентті бес-жеті жылдық мерзімге сайлау нормасы әлемдік тәжірибеде 100 жылдан бері бар. Айталық, Мемлекет басшысы Израильде 7 жылға, Арменияда 7 жылға, Мексикада 6 жылға,Оңтүстік Кореяда 5 жылға сайланады. Қазіргі кезде Францияда Президентті бір мерзімге жеті жылға сайлау мәселесі талқыланып жатыр. Яғни бұл тенденция дүниежүзіне кеңінен тарап жатыр.

Алдағы уақытта Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау механизмі әрбір жаңа Мемлекет басшысының өз бағдарламасын толық және алаңсыз орындауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл Президенттің ел алдындағы жауапкершілігін арттырады. Өйткені оған реформаларды іске асыруға өмірінде бір ғана мүмкіндік беріледі.Осының арқасында біз биліктің суперпрезиденттік басқару жүйесінен түпкілікті бас тартамыз.

Мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау барысында айтқан бастамаларын қолдай отырып, Қазақ елінің болашағының жарқын болатынына сенемін. Еліміз тыныш болып, халықтың ауызбіршілігі мықты болса, берекелі қоғам құрамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button