Ауыл

Палуандар қайырымдылық үшін күресті

  • Темір

Темір ауданында «Жүрек жылуы» акциясы аясында қазақ күресінен турнир өткізілді. Мақсат — салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мұқтаж жандарға көмектесу.

Сайыс Сарыкөл ауылдық округінің әкімдігі, Темір аудандық жастар ресурстық орталығы және «Халықаралық келіссөздер академиясы» заңды тұлғалар бірлестігінің медиаторы А.Ермұхамедованың ұйымдастыруымен өтті.

Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында жігіттер әртүрлі  салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша 60 келі салмақ дәрежесінде I орынды Ділнар Әбуболат жеңіп алса, 66 келіде Әлібек Мырзалиевке тең келер ешкім болмады. 74 келі салмақ дәрежесінде І орынды Рамазан Байтурин иемденсе, 90 келі бойынша Маханбет Нығметуллин алдына жан салмады.

Соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға, көрермен боп келген жастарға, атсалысқан кәсіпкерлерге ризашылықтарын білдіріп, қайырымдылық акциясынан түскен қаражатты көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандарға табыстады.

Айәли АЙБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button