Білім

Медреседе оқыңыз!


Мектеп түлектері мен қалың жұртшылық назарына!

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің жанынан ашылған «Ақтөбе» медресесі 17-25 жас аралығындағы үйленбеген ер азаматтарды 2009-2010 оқу жылына оқуға қабылдайтынын хабарлайды. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай, мамандығы – «Исламтанушы». Шәкірттер сұхбаттасу бойынша қабылданады.

Талапкерлерден төмендегідей құжаттар талап етіледі:

  • Директордың атына жазылған өтініш;
  • Имамдардың ұсынысы;
  • Өмірбаяны;
  • Орта білімі туралы аттестаты (түпнұсқасы);
  • 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама;
  • Көлемі 4х5 сурет (6 дана);
  • Әскери билеті немесе әскерге шақыру куәлігі;
  • Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы (скоросшиватель);
  • Талапкердің жасы 25-тен аспауы тиіс.

Үміткерлердің 20 маусымға дейін хабарласуын өтінеміз!

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 92.

Байланыс телефондары: 77-43-48; 77-43-45.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button