Әлеумет

Шаңырақ шайқалмасын деп…

  • Ашық есік күні

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында аналар кеңесі мен медиаторлардың ұйымдастыруымен «Медиация татулықты көздейді» тақырыбында ашық есік күні өтті.

Жас аналарға ақыл-кеңес беру, отбасылық шиеленіс пен дауларды шешуге жәрдемдесу, жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында өткізілген жиында кәсіби медиатор А.Мұханова кеңес берді. Облыстық аналар кеңесінің мүшелері Ж.Қалиева мен Р.Есенбаева өз ойларымен бөлісті. Ашық есік күнінде ерлі- зайыптылар, жас келіншектер  кеңес сұрап, мәселесін айтуға келді.

— Ақтөбеде 57 кәсіби медиатор бар. Біздің орталыққа келетіндер көп. Тек ажырасу  мәселесі ғана емес сонымен қатар алимент, мұрагерлік туралы да кеңес береміз. Келгендерді ажырасуға жеткізбей, шешімін өзгертуге тырысамыз,— дейді медиатор С.Балпейсова.

Әр отбасы – өзгеше тағдыр. Ашық есік күніне келушілердің де мәселесі әр түрлі. Ұйымдастырушылар олардың бар сұрақтарына жауап беріп, мейлінше көмектесуге тырысты.

Дина АМАНГЕЛДИНА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button